Қарағандыда көлік жөндеу орынынан автокөлік айдап әкеткен күдікті ұсталды
Қарағандыда көлік жөндеу орынынан автокөлік айдап әкеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне Ермеков көшесінде орналасқан көлік-жөндеу орындарының бірінен автокөлік ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға жәбірленушінің көз алдында болғаны белгілі болды. 56 жастағы жәбірленуші қала тұрғынынан жауап алу барысында ол көлігін жөндеу үшін сервиске келіп, көлік жөндеу ақысымен келісіп жатқанда білгісіз біреу көлігіне отырып айдап әкеткені туралы түсіндірме берді.
Аталған дерек бойынша Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, патрульдік полиция полкінің барлық жасағына хабарланды. Арада бір сағат уақыт өткенде полиция жасағы ұрланған автокөлікті қала көшелерінің бірінен байқаған. Жедел әрекеттер барысында олар автокөлікті 30 жастағы азаматтың басқаруында ұстады. Күдікті өзгенің көлігін қаланы аралап келу үшін мініп кеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Бұл оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Осындай жағдай бойынша полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар барысында 36 жастағы азамат ұсталды. Ол Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің ауласында тұрған автокөлікті айдап әкетіп, онымен жол-көлік оқиғасын жасап, қаладағы сауда үйлерінің бірінің маңындағы автотұраққа тастап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгені құрады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.