Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда көліктен телефон ұрлап кеткен күдікті құрықталды

Қарағандыда көліктен телефон ұрлап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 36 жастағы Саран қаласының тұрғыны хабарласты. Жәбірленуші азамат осы аумақтағы автокөлік базарлардың бірінің маңына көлігін қойып, тауар қарауға кеткен. Сол кезде ол көлігінің есігін жабуды ұмытып кеткені белгілі болды. Осы сәтті пайдаланған белгісіз біреу көліктің ішінен телефонды ұрлап кеткен.

Келтірілген шығын көлемі 110 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 48 жастағы күдіктң ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру