Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адам тұрғынды тонап кетті

Қарағандыда полицейлер санаулы уақыт ішінде жәбірленушінің сөмкесі мен ұялы телефонын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне адам тонау фактісі бойынша хабарлама келіп түсті. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына Қарағанды қаласының ПБ Патрульдік полиция полкінің жасағы келіп жетті.

Жәбірленуші – 30 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адамның оған шабуыл жасағанын түсіндірді. Ол ұялы телефоны салынған сөмкені қолынан жұлып алып, қашып кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 25 мың теңгені құрайды.

Жедел іздестіру кезінде полицейлер күдікті 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар – сөмке мен ұялы телефон тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру