Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда күзет қызметі саласында ашық есік күні өтті

Қарағанды қалалық полиция басқармасында күзет қызметі саласына арналған ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров ашып, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Кездесудің мақсаты — күзет саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы жүзеге асыру жолдарын қарастыру, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік құрылымдар арасындағы тиімді ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шара барысында Қарағанды облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Рубен Овсепян "Күзет қызметінің негізгі міндеттері. Күзет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету талаптары. Полиция бөлімшелерімен өзара іс-қимыл" тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға саланың құқықтық және практикалық аспектілерін жан-жақты түсіндірді.

Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасының өкілі, прокурор Әділхан Таласпаев күзет қызметі саласында заңдылықтың сақталуы бойынша мәселелерге тоқталды.

Сондай-ақ "САЛЕРС" ЖШС жеке күзет агенттігі директорының орынбасары Владимир Шиламенцев дабыл беру жүйелері арқылы күзетілетін нысандардағы тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара аясында "Рубеж" дабыл беру құрылғысының техникалық мүмкіндіктері таныстырылып, күзет қызметіне қатысты сұрақтар бойынша кәсіби кеңес берілді.

Ашық есік күні — құқық қорғау органдары мен күзет құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды алаң ретінде өз маңыздылығын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру