Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда мас тұрғын жылы аялдаманың есігін сындыруға тырысты

Қарағандыда мас тұрғын жылы аялдаманың есігін сындыруға тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында түнгі уақытта Қарағанды қаласындағы орталық әмбебап дүкеннің жанында орналасқан жылы аялдама павильонының есігін сындыруға оқталған белгісіз әйелдің әрекеті түсірілген бейнежазба анықталды. Кейін азаматша павильоннан шығып кеткен.

Патрульдік полиция қызметкерлері 29 жастағы облыс тұрғынын мас күйінде бірнеше минут ішінде ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Тексеру нәтижесінде павильон есігінің сынбағаны анықталды.

Айта кету керек, бұл азаматша бұған дейін де әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған. Бір күн бұрын оның Көгілдір тоғандар ауданындағы жылы аялдама павильонында ұйықтап жатқан суреті жарияланған болатын. Ол кезде де патрульдік полиция қызметкерлері әйелді полиция бөліміне жеткізіп, қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін айыппұл салған.

Қазіргі уақытта ұсақ бұзақылық пен қайтадан мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін жиналған материалдар заң аясында жауапкершілікке тарту мақсатында сотқа жіберілетін болады.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзушылықтармен күресу үшін «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында қоғаммен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру