Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда медициналық мекемеден тағылымдамадан өткен адам кассадан млн теңге ақша жымқырған

Қарағандыда медициналық мекемеден тағылымдамадан өткен адам кассадан млн теңге ақша жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қаладағы медициналық мекемелердің бірінің басшылығы арызбен шағымданды. Ол арызында белгісіз біреу мекеменің кассасынан 1 миллион теңге ақша ұрлап кеткенін айтты.

Полиция қызметкерлері оқиға орынын қарау барысында ол жерде тек еңбек ететіндердің бірі болуы мүмкін деген болжамға келді. Өйткені ұрлық болған жер үнемі кілтке жабылады және оған бөгде адамдардың кіруі мүмкін болмаған.

Кешенді іс-шаралар барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен сол мекемеден тағылымдамадан өтіп жатқан 30 жастағы азамат ұсталды. Ол кассаға кіру мүмкіндігі болған сәтті ұтымды пайдаланып, ақшаны ұрлап кеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру