Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда мекемелердің бірінің қос қызметкері 3,9 млн теңгені қолды қылған

Қарағандыда мекемелердің бірінің қос қызметкері 3,9 млн теңгені қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы азық-түлік өндіретін мекеменің бірінің өкілі арызбен шағымданды. Белгілі болғандай, мекемеде жүргізілген ревизия жұмыстары барысында 3,9 млн теңге ақша жетіспеушілігі анықталған.

Полиция қызметкерлері арыз бойынша жұмыс істеу барысында осы іске 33 жастағы кассир мен 36 жастағы сауда агентінің қатысы барын анықтаған. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктілердің екі апта бойы күнделікті саудадан түскен кірісті жымқырып, бөлісіп отырған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру