Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда өзгенің көлігін айдап кеткен азамат анықталды

Қарағандыда өзгенің көлігін айдап кеткен азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының 35 жастағы тұрғыны 6 мамыр күні туысының үйіне келіп, өзіне тиесілі автокөлікті үйдің ауласындағы автотұраққа қойған. Арада бірнеше уақыт өткенде далаға шықса, белгісіз біреу жәбірленушінің автокөлігін айдап кеткені белгілі болды. Жәбірленуші бірден полицияға арызданды.

Полиция қызметкерлері жүргізген кешінді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бейнебақылау камералары зерделеніп, нәтижесінде 54 жастағы азамат ұсталды. Ол айдап кеткен көлікті полиция қызметкерлерінен ізін жасыру мақсатында басқа үйдің аулаларының біріне қалдырып кеткен.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру