Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен мас жүргізуші ұсталды

Қарағандыда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

35 жастағы қала тұрғыны полицияға белгісіз адам оның Volkswagen T4 көлігін айдап кеткені туралы арызданған. Хабар түскен бетте полицейлер жедел әрекет етіп, ұрланған көлікті тұрғын үй аулаларының бірінен тапты. Келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрады.

Оқиға бойынша бағыттама бірден Қарағанды облысындағы барлық патрульдік полиция экипажына жолданды. Іздестіру барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұрланған көлікті қала маңындағы автожолдан байқаған.

Полицейлер көлікті қауіпсіз тоқтату шараларын қабылдады. Көлікті 43 жастағы Қарағанды тұрғыны тізгіндеген. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтан алкоголь иісін сезген. Медициналық сараптама нәтижесі жүргізушінің орта дәрежелі мас күйде болғанын анықтады.

Қазіргі уақытта автокөлікті айдап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар мас күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру