Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда пәтер иелері кооперативіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Қарағандыда пәтер иелері кооперативіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне ПИК-нің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Белгісіз адам кооперативтің мекемесіне кіріп, электрлік араны, ұнтақтағышты, балғамен бұрғылау аппаратын және резеңке етіктерді алып кеткені анықталды. Шығын мөлшері шамамен 100 мың теңгені құрайды. ПИК-нің жұмысшылары қажетті құралдардың жоқтығынан кейбір қызмет түрлерін орындай алмай, жұмыс тоқтап қалған. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

4 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру