Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер Абай мұрасымен сусындады

Қарағандыда полицейлер Абай мұрасымен сусындады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

18 маусым күні Қарағанды қаласы полиция басқармасының мәжіліс залында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай танымдық кездесу өтті.

"Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" тақырыбында өткен шара Қарағанды қаласы ПБ жеке құрамының және "Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы" қызметкерлерінің өзара іс-қимылы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараға кітапхана директорының орынбасары Қалқатай Қалиева, мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Күміс Болатбекова және инновациялық-әдістемелік бөлімнің әдіскері Ұлжан Жамауова қатысты.

Кездесу барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған мазмұнды презентациялар ұсынылып, ақын мұрасын кеңінен танытуға бағытталған кітаптар мен электронды ресурстар таныстырылды. Қатысушылар Абайдың терең ойлы өлеңдерінен үзінділер оқып, оның шығармалары төңірегінде мазмұнды пікір алмасуға қатысты.

Шара полиция қызметкерлерінің рухани-мәдени дүниетанымын кеңейтуге бағытталғанымен ерекшеленді. Жеке құрам тарапынан белсенділік танытылып, ақын мұрасына қатысты түрлі сұрақтар қойылып, ой бөлісу алаңына айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру