Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер азаматтарға интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдарын түсіндірді

Қарағандыда полицейлер азаматтарға интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдарын түсіндірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне арналған азаматтарды қабылдау іс-шарасы өтті. Іс-шараны облыстық полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Шара барысында қала тұрғындары киберқылмыстарға қарсы тұру жолдары бойынша мамандардан кеңес алып, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлерімен, сондай-ақ жеке деректер мен қаржылық ақпаратты қорғау тәсілдерімен танысты.

Азаматтармен ашық диалог форматында өткен кездесу құқықтық сауаттылықты арттырып, тұрғындардың цифрлық ортада қауіпсіз әрекет етуіне ықпал етуді көздеді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай түсіндіру шаралары интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі және қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру