Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер ірі көлемдегі психотроптық заттардың заңсыз айналымын тоқтатты

Қарағандыда ірі көлемдегі дәрі-дәрмектерді заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру кезінде анықталғандай, 40 жастағы Астана қаласының тұрғыны басқарған көліктен Тропикамид препаратының 82 қаптамасы, Прегабин Рихтер 30 препаратының 6 қаптамасы және Мидакс препаратының 240 қаптамасы тәркіленді. Барлық препарат сараптамаға жіберілді.

Аталған факті бойынша есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер күдікті мен оның сыбайластарын анықтау және тәркіленген препараттардың шығу арналары мен таралу жолдарын зерттеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру