Қарағандыда полицейлер мен журналистер арасында турнир өтті
Қарағандыда полицейлер мен журналистер арасында турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция күні қарсаңында Қарағанды облысының ПД-де полиция қызметкерлері мен журналистер арасында мини-футболдан турнир өтті. Оны Қарағанды облысы бойынша «Динамо» ДШСҚ-ның қолдауымен облыстың ПД баспасөз қызметі ұйымдастырды.
Турнирдің ашылуында облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин сөз сөйледі.
– Турнир екі кәсіби мереке – полиция күні мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтіп жатыр. Бұл біздің тығыз ынтымақтастығымыздың жарқын мысалы. Ынтымақтастық үшін рахмет, онсыз полиция жұмысында ашықтық қағидатын жүзеге асыру мүмкін емес. Турнир қатысушыларына жеңіс тілеймін және спортта сәттілік тілеймін, – деді Е. Файзуллин.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды 5K командасы, екінші орынды БAҚ, үшінші орынды «Сарыарқаақпарат» медиахолдингі иеленді.