Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктіні ұстады

Қарағандыда полицейлер пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан 33 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Күдікті 49 жастағы қала тұрғынының үйіне терезесін сындыру арқылы кіріп, ол жерден құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарды қолды қылған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады.

Ұсталған азамат жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, одан айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.Тергеу әрекеттері барысында тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың осыған ұқсас бірнеше қылмысқа қатысы барын анықтады. Мәселен, күдікті бұған дейін қалада орналасқан жер үйлердің біріне ұрлыққа түсіп, ол жерден жалпы құны 730 мың теңгеге жәбірленушінің мүлігін ұрлап кеткені белгілі болды.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру