Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады

Қарағандыда полицейлер бір сағат ішінде пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен «ізін суытпай» 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Күдікті күндізгі уақытта үй иелерінің үйде болмаған сәтін пайдаланып, жер үйдің терезесін сындырып кіріп, ішінен алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 3,5 млн теңгені құрады.

Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленіп алынды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру