Қарағандыда полицейлер қалта ұрысын қолға түсірді
Қарағандыда полицейлер қалта ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласының ПБ қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 21 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Күдікті автобуста келе жатып, 70 жастағы зейнеткердің күртесінің қалтасынан телефонын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 380 мың теңгені құрады.
Күдікті мойындады. Ұрланған телефон тәркіленіп, жәбірленушіге берілді.
Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.