Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер Ұлы Жеңіс күні батырларды еске алды

Қарағанды полицейлері Ұлы Жеңіс құрметіне батырларды еске алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алып, салтанатты шара ұйымдастырды. Полицейлер соғыс батырларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

Биыл Қарағанды қаласына "Еңбек даңқы қаласы" атағы берілді. Бұл мәртебе – соғыс жылдарындағы қаланың ерен еңбегінің ресми мойындалуы. Қиын кезеңдерде Қарағанды еліміздің басты көмір орталығы ретінде майдан мен тылға қуат беріп, зор үлес қосты.

Соғыс жылдары ер-азаматтар майдан даласында шайқасып жатқанда, олардың орнын зауыттар мен шахталарда әйелдер, қариялар мен жастар басты. "Бәрі майдан үшін! Бәрі Жеңіс үшін!" деген ұран елдің еңбек майданындағы қаһармандығын айқындады. Қаланың госпитальдарында жараланған жауынгерлер емделіп, көпшілігі қатарға қайта қосылды. Ал майданға орала алмағандар тыл жұмысын белсенді түрде жалғастырды.

Жеңіс күніне арналған мерекелік шара Алаш арысы А. Бөкейхан атындағы саябақта жалғасын тапты. Мұнда Қарағанды полициясының жеке құрамы концерттік бағдарлама ұсынып, соғыс жылдарындағы патриоттық әндер арқылы көрермендерді ерлік пен бірлік рухына бөледі.

Сахна төрінде өнер көрсеткен жас тәртіп сақшылары Отан алдындағы борышын адал атқаруға және ата-бабалар ерлігін мәңгі жадыда ұстауға дайын екендерін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру