Қарағандыда полицейлер ұрыны мүлікті ұрлау кезінде ұстады
Қарағандыда полицейлер ұрыны мүлікті ұрлау кезінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары өз аумағында қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шара өткізді. Сағат 11.00 шамасында Бобруйская көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан өтіп бара жатып, полицейлер жертөледен үйге қажетті заттарды алып жүрген бір адамды байқады. Тәртіп сақшыларын көрген ол қашып кетпекші болған, бірақ полицейлер оны ұстап алды.
Күдікті 26 жастағы жігіт 61 жастағы қала тұрғынына тиесілі мүлікті ұрламақ болған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.