Қарағандыда полиция бірнеше рет велосипед ұрлаған ұрыны ұстады
Қарағандыда полиция бірнеше рет велосипед ұрлаған ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 сәуірде 36 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу құны 60 мың теңге тұратын велосипедін ұрлап кеткенін айтты. Ұрлық әйел үйде жоқ кезде болған. Полиция ұрының пластикалық терезе жақтауын ысырып тастап, жазғы ас үйге кіріп, сол жерде тұрған велосипедті алып кеткенін анықтады. Дәл сол күні екінші жәбірленуші полицияға жүгініп, көп пәтерлі үйдің кіреберісінде қалдырған құны 50 мың теңге тұратын велосипедті белгісіз біреу ұрлап кеткені туралы айтып шағымданды.
Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
20 сәуірде жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 35 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция күдіктінің осыған ұқсас бірқатар қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.