Қарағандыда полиция ірі көлемдегі контрафактілік өнімнің таралуына жол бермеді
Қарағандыда полиция ірі көлемдегі контрафактілік өнімнің таралуына жол бермеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Әділет департаментінің "Контрафакт" ЖПІШ аясында жүргізген бірлескен операциясы LEGO тауар белгілерін заңсыз пайдалана отырып, контрафактілік өнімнің ірі партиясының таралуына жол бермеді. Тексерулер нарықта жалған өнімдердің пайда болуына алаңдаулы LEGO компаниясының өтініші бойынша басталды.
Қарағанды қаласының қоймалары мен дүкендеріне жасалған рейдтер нәтижесінде шамамен 1 миллион теңгеге жуық сомаға 175-тен астам LEGO контрафактілік конструкторлары тәркіленді. Сараптама өнімнің сапасыз имитация екенін, өндіруші туралы ақпараттың жоқ екенін және LEGO түпнұсқа өнімінің стандарттарына сәйкес келмейтінін көрсетті.
Бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафактілік өнімге қарсы күрес жұмыстары жалғасатын болады.