Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полиция ірі көлемдегі ұрлықтың бетін ашты

Қарағандыда полиция ірі көлемдегі ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда 34 жастағы тұрғын үйінде болмаған уақытта белгісіз тұлға арнайы құралдың көмегімен пәтерге заңсыз кіріп, алтын бұйымдар мен ірі көлемдегі ақша қаражатын ұрлаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асты.

Оқиға бойынша жәбірленуші Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне жүгініп, дерек Қылмыстық кодекс талаптарына сәйкес тіркелді. Полиция қызметкерлері қылмысты ашуға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын дереу бастады.

Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдары қала маңында тұратын 42 жастағы ер адамды анықтап, күдікті ретінде ұстады. Тінту кезінде оның ұрлық қылмысына қатысы барын дәлелдейтін заттай айғақтар табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру