Қарағандыда полиция пәтер ұрлығына күдікті азаматты қолға түсірді
Қарағандыда полиция пәтер ұрлығына күдікті азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағандыда Юго-Восток полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына күдікті азаматты қолға түсірді. Ұсталған - 25 жастағы Ұлытау облысының тұрғыны.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам облыс орталығына келіп, уақытша пәтер жалға алған. Алайда, тұрғын үйден шығарда пәтер иесінің теледидарын заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Зардап шеккен әйел полицияға арыз түсіріп, келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрағанын мәлімдеді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған теледидар тәркіленіп, айғақты зат ретінде тіркелді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.