Қарағандыда полиция қызметкерінен ақша талап еткен екі бопсалаушы сотталды
Қарағандыда полиция қызметкерінен ақша талап еткен екі бопсалаушы сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың 27 қазанында Қарағанды облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қарағанды қаласының 29 және 28 жастағы екі тұрғынына қатысты ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (Тұлғалар тобының ададын ала сөз байласуы бойынша жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бұл азаматтар полиция қызметкерлерінің бірінен әлеуметтік желілерде қызметтік автокөлікте жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бергені туралы бейнежазбаны таратпау үшін 150 мың теңге көлемінде ақша талап еткені анықталды.
Полиция қызметкері жоғарыда аталған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен облыстық ПД ӨҚБ-ға жүгінді. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында облыстық ПД ӨҚБ қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Бұл ретте қаскүнемдерден олардың құқыққа қарсы қызметінің заттай дәлелдемелері алынды.
10 наурызда қылмыстық іс Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының қарауына берілді. 24 мамырда аталған сот қорқытып ақша талап етушілерді ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, үкім шығарды. Олардың бірі 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, екіншісі осы мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталған.