Қарағандыда полиция қызметкерлері марапатталды
Қазақстан полициясы күніне орай Қарағанды облыстық ПД бастығы қызмет бабында жүріп, өмірден озған полиция қызметкерінің анасын, ІІО ардагерін және қызметін мінсіз атқарып жүрген полиция қызметкерлерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күніне орай Қарағанды облыстық ПД салтанатты жиын өткізді. Салтанатты жиынды ашқан облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллин.
– Қазақстан полициясының құрылған күнінен бастап біз қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күресте оңтайлы нәтижеге қол жеткіздік. Бірақ оңтайлы нәтиже оңайлықпен келген жоқ. Біздің қызмет бабында жүріп өмірден озған әріптестеріміздің өмірі арқылы келді. Бүгінгі күні қызмет бабын соңына дейін атқарып, антына берік болған полиция қызметкерлерін ескерусіз қалдыруға болмайды. Біз қызметтің қиындығы мен қауіптілігіне қарамай қызметін атқарған полиция қызметкерлерін ешқашан ұмытпаймыз. Бұл туған – туыстар мен жақын адамдар үшін орны толмас қайғы. Бірақ олар батырлығымен, беделдігімен әрқашан да өскелең жас ұрпаққа үлгі болатыны айдан аны. Олардың әкелеріне және аналарына көп рахмет, – деді кіріспе сөзінде облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллин.
Қаза болған қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Содан кейін Ерлан Файзуллин қызмет бабын атқарып жүріп, қаза болған Александр Истоминның анасы – Валентина Истоминаға, ішкі істер органының ардагері Тлеухан Алпысбаевқа ҚР ІІМ таңбасы бар сағаттарын, сыйлықтарын және гүл шоқтарын тарту етті.
Қарағанды облыстық БІІД жедел іс-қимыл ротасының полиция сержанты Александр Истомин 26 қазан 2000 жылы ерлікпен қаза тапқан болатын. Ол шабуыл жасаған күдіктілерді ұстау бойынша арнайы операцияға қатысып, қаруланған қылмыскерлермен бетпе бет кездескенде Александр жараланып, бақилық болды. Полицейлер әрдайым оның анасын Валентина Истоминаны және басқа да бақилық болған полиция қызметкерлерінің отбасы мүшелерін салтанатты жиындарға шақырып оырады.
Ішкі істер органының ардагері Толеухан Алпысбаев құқық қорғау органының қызметіне 1976 жылдан бастап қызмет етті. Ол 2000 жылға дейін әр түрлі қызметте жұмыс атқарды. Оны Саран қаласының ІІБ тәжірибелі кадрларды тәрбиелеуге ат салысқаны үшін тәжірибелі тәлімгер ретінде таниды.
ҚР ІІМ Ерлан Тұргұмбаевтың және Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллиннің бұйрықтарына сәйкес полиция қызметіне оң үлесін қосып жүрген полиция қызметкерлеріне кезектен тыс шендер, төс белгілер, құрмет грамоталары, алғыс хаттар және ҚР ІІМ таңбасы бар сағаттар табыс етілді.
– Баршаңызды Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мереке күні, ең алдымен өз өмірлерін полиция саласына арнап, бүгінде зейнет жасына шыққан ардагерлерге, содан кейін ерлікпен қаза тапқан қызметкерлеріміздің отбасы мүшелеріне зор денсаулық, баянды бақыт тілеп, атқарған еңбектеріңіз үшін бас иеміз. Сіздердің жасаған жұмыстарыңыз, өткен жолдарыңыз кейінгі толқын жастарға үлгі болары сөзсіз. Қылмыспен күрес, қоғамдық қауіпсіздік жолында аянбай тер төккен барша әріптестеріме және сенімді серік бола білген отбасы мүшелеріңізге амандық, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін, – деді облыстың ПД бастығы .