Қарағандыда полиция велосипед ұрлығын дер кезінде әшкереледі
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, велосипед ұрлығын дер кезінде әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 жастағы қала тұрғыны полицияға хабарласып, Бауыржан Момышұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан подъезден Trinx велосипеді ұрланғанын мәлімдеген.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 23 жастағы қала тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, ол жасаған қылмысын мойындады.
Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды жеке мүлкіне мұқият болуға шақырады. Қоғамдық орындарда немесе подъезд секілді ортақ пайдаланылатын кеңістіктерде бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Кез келген құқық бұзушылық фактісі бойынша дереу полицияға жүгіну қажет.