Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полиция заңсыз жолаушылар тасымалының алдын алуда

Қарағанды облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы ауқымды рейдтер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Лицензиясыз және техникалық байқаудан өтпеген көліктер бақылауға алынды. Әсіресе Toyota Alphard, Estima, Honda Elysion, Mercedes-Benz Sprinter, Volkswagen Sharan секілді жолаушы тасымалдауға жиі пайдаланылатын көліктер ерекше назарда.

Екі күн ішінде 24 автокөлік айыптұраққа қойылды. Тексеру барысында мынадай өрескел заң бұзушылықтар анықталды:

  • көлікті заңсыз қайта жабдықтау;
  • лицензиясыз жолаушылар тасымалдау;
  • техникалық ақауы бар және техникалық байқаудан өтпеген көліктерді пайдалану;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау, жол белгілерін сақтамау;
  • рөлде отырып телефон қолдану.

- Мұндай құқық бұзушылықтың барлығы – адамдардың өміріне төнген тікелей қауіп. Заңсыз тасымалдың салдары қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін, - деді Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.

Жуырда болған қайғылы жағдай командирдің сөзіне дәлел. 5 шілде күні Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында KIA Sedona көлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғасына себеп болды. Автокөлік өртеніп, салдарынан жеті адам қаза тапты. Бұл – заңсыз тасымал мен қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың тікелей салдары.

Полиция тұрғындарды ескертеді: заңсыз тасымал – өлімге әкелетін қатер. Осыған байланысты рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады. Полицияның басты мақсаты – азаматтардың өмірін қорғау, жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және соңы қайғылы жағдаймен аяқталатын жол апатының алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру