Қарағандыда полиция зейнеткерді тонап кеткен күдіктіні құрықтады
Қарағандыда полиция зейнеткерді тонап кеткен күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағандыда тәртіп сақшылары ашық тонау жасады деген күдікпен 24 жастағы күдіктіні ұстады. Тонау тал түсте жасалған. Қала көшелерінің бірінде келе жатқан 76 жастағы зейнеткерге белгісіз біреу тап беріп, мойынынан алтын алқасын жұлып әкеткен. Қылмыстық оқиға көшедегі камераларға түсіп қалған.
Ұсталған азамат жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.