Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицияға көмектескен белсенділер марапатталды

Қарағандыда полицияға көмектескен белсенділер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда еріктілер қозғалыстары мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенді мүшелері Қарағанды облысы полиция департаменті тарапынан марапатталды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға алғыс хаттар табыс етілді.

Салтанатты шара барысында департамент бастығы Негмет Исмагулов қоғамдық тәртіпті нығайтуға белсене қатысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

- Бүгінде қоғамдық қауіпсіздік - тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Біздің тұрғындар өз белсенділігімен үлкен көмек көрсетіп отыр. Әрқайсысына шын жүректен алғыс айтамын, - деді ПД бастығы.

Бұл бастама 2024–2028 жылдарға арналған Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының аясында жүзеге асып отыр. Қазіргі уақытта облыс аумағында 194 құқық қорғау бағыты бар қоғамдық құрылым жұмыс істейді, олардың құрамында 579 белсенді азамат бар. Бұл қатарда ПИК төрағалары, үй үлкендері, ІІМ ардагерлері және өз қоғамының тыныштығына бейжай қарамайтын азаматтар бар.

2025 жылдың басынан бері қоғам белсенділерінің қатысуымен 74-тен астам қылмыс ашылып, 624-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар алдын алу мақсатында 39 бірлескен іс-шара өткізіліп, оған 4 280-нен астам адам қамтылды.

- Біздің басты мақсатымыз - құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы халықпен бірлескен жұмысымыз нақты нәтиже беріп жатыр. Қоғам белсенділігі - тәртіп пен қауіпсіздіктің сенімді тірегі, - деп атап өтті департамент бастығы.

Осы жылы полициямен тығыз ынтымақтастық орнатқан 165 азамат арнайы марапаттарға ие болды. Оның ішінде 21 азамат – құрмет грамотасымен, 16 азамат – алғыс хатпен марапатталса, 128 белсендінің еңбегі сыйақымен атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру