Қарағандыда қонақ болып келген әйел телефон ұрлап кетті
Қарағандыда қонақ болып келген әйел телефон ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 желтоқсан күні Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 60 жастағы қала тұрғыны арызданды. Белгісіз біреу үйге кіріп, құны 46 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен. Сол күні арыз иесінің үйінде қонақтар болғаны белгілі болды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті 33 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Айғақты зат – ұялы телефон тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.