Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда қоян-қолтық ұрыстың үздіктері анықталды

Қарағандыда қоян-қолтық ұрыстың үздіктері анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласындағы “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының спорт залында облыстың құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының өкілдері арасында қоян-қолтық ұрысынан іріктеу жарыстары өтті. Татамиге 72 жауынгер шығып, күш, ептілік және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Әрбір қатысушы алдағы чемпионатта Қарағанды облысының намысын қорғау үшін барынша мүмкіндіктерін көрсетуге тырысты. Тартысты жекпе-жектер нәтижесінде әрбір салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды:
57 кг: Елдар Мукыбаев (ЖҚБЖ), Әділ Маханов (Айдауыл қызметі взводы), Алдияр Назымбек (Орталық ПБ).
62 кг: Нұрхан Баккожин (ЖҚБЖ), Нұралы Кабдуов (Бұқар жырау ауданының ПБ), Алмас Жапаров (Осакаров ауданының ПБ).
67 кг: Айтуған Шүлембай (ЖҚБЖ), Жарас Ақылбеков (Бұқар жырау ауданының ПБ), Сырым Баккожин (Айдауыл қызметі взводы).
73 кг: Мұхамедқали Сәдуақасов (Шет ауданының ПБ), Бектас Бекеш (ЖҚБЖ), Әлішер Сейдуалиев (ККБ).
80 кг: Ернұр Нұрасілов (ККБ), Сұлтан Сартбаев (ЖҚБЖ), Бекжан Қуантайұлы (ЖҚБЖ).
88 кг: Айбек Алпысбаев (Михайлов ПБ), Ерболат Қартабаев (“Бүркіт”ҰҰ), Заманбек Қуаныш (ЖҚБЖ).
97 кг: Ерлан Рымбай (ЖҚБЖ), Асқар Балтинов (Михайлов ПБ), Думан Болатбеков (“Бүркіт” ҰҰ)
+97 кг: Қанағат Мағмұр (ЖҚБЖ), Ерсұлтан Дүйсембин (ЖҚБЖ), Наби Қарабаев (Октябрь ПБ).

Жарысқа қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар мен медальдар табыс етіліп, спорттық жетістіктері үшін лайықты марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру