Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ҚР ІІМ және “Динамо” ДСҚ спартакиадалары аяқталды

Қарағандыда ҚР ІІМ және “Динамо” ДСҚ спартакиадалары аяқталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің XII спартакиадасы мен “Динамо” ДСҚ бағдарламасы бойынша XII ведомствоаралық спартакиадасын қабылдап, керемет жарыстардың аренасына айналды. Ымырасыз жекпе-жектер мен жарқын жеңістерге толы екі күн көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. Қатысушылар жақсы физикалық дайындықпен қатар төзімділік, жылдамдық және тактикалық ойлау қабілетін көрсетті.

ҚР ІІМ чемпионатында көшбасшылық үшін болған шиеленіскен күресте өз салмақ дәрежелері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: 58 кг –Әділет Елемесов (ҰҰ), 64 кг – Нұрсұлтан Нұрсейітов (ҰҰ), 71 кг – Есет Қуанов (ІІМ), 79 кг – Тілек Тоқтасынұлы (ҰҰ), 88 кг – Айдын Дартаев (ІІМ), 98 кг – Еламан Қойшыбаев (ҰҰ), +98 кг – Санжар Жабборов (ҰҰ).

“Динамо” ДСҚ ведомствоаралық чемпионатында тұғырдың ең биік сатысына келесі спортшылар көтерілді: 58 кг – Нариман Туткышев (Қарағанды облысы ПД), 64 кг – Тайбек Омаров (Жамбыл облысы ПД), 71 кг – Нұрмұхамед Шынтас (Жамбыл облысы ПД), 79 кг – Нұрлан Тұрғанбаев (Астана қ. ПД), 88 кг – Мұхит Қарғабай (Қарағанды облысы ПД), 98 кг – Дәулет Ысқақов (Қарағанды облысы ПД), +98 кг – Самат Амантаев (Қарағанды облысы ПД).

Командалық есепте ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының командасы жеңімпаз атанды, күмісті ІІМ командасы иеленсе, қола жүлдегерлер “Динамо” ДШСҚ өкілдері болды. “Динамо” бағдарламасы бойынша алтын Қарағанды облысы ПД командасына, күміс – Астана қ. ПД командасына, ал қола – Абай облысының командасына бұйырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру