Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда құқық қорғау қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті

Қарағандыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Динамо" спорт залында өңірдің құқық қорғау және күш құрылымдары қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеті ведомствоның сегіз командасы тартысты сынға түсті. Алаңда "Орталық" өңірлік қолбасшылығының, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, көлік полициясы департаментінің, төтенше жағдайлар департаментінің, Б.Бейсенов атындағы ІІМ академиясының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ойыншылары ойнады, ал облыстық полиция департаментінен байрақты бәсекеге екі команда қатысты.

Турнирді Қарағанды облысы ПД-ның арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бастығы Берік Бектасов ашты.

- Спорт біз үшін тек жарыс қана емес, кәсіби дайындықтың маңызды бөлігі, тәртіп пен сенімділіктің негізі. Ол ұжымдық рухты күшейтіп, құрылымдар арасындағы өзара түсіністік пен сенімділікті нығайтады, – деді ол.

Бірінші ойындар жеңіске жетудің оңай болмайтынын көрсетті. Әр команда жоғары дайындық деңгейін танытып, жеңіске ұмтылысын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру