Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда "Құқықтық тәртіп" іс-шарасының алғашқы нәтижелері белгілі болды

Қарағандыда "Құқықтық тәртіп" іс-шарасының алғашқы нәтижелері белгілі болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңдылықты сақтау мақсатында өткізілетін "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Операцияның алғашқы күнінің өзінде-ақ бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізілді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген төрт адамды ұстады. Олардың арасында бірнеше алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен іздеуде болған ер адам бар. Сондай-ақ Қарағанды облысының полицейлері Алматы облысында пробация қызметінен жалтарып жүрген азаматты анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Тәртіп сақшылары бір тәуліктің ішінде 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде заңсыз алкоголь өнімін сату бойынша – 5, қоғамдық орындарды ластау бойынша – 45 дерек тіркелді.

— Іс-шара аясында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүрген 40 жасөспірім анықталды, — деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі бағытында да белсенді жұмыстар жүргізілуде. Тәртіп сақшылары 55 өрескел құқық бұзушылықты анықтады:

3 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған;

8 жүргізуші қарсы жолаққа шыққан;

42 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген;

3 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылса да көлік тізгіндеген.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзудың 56 дерегі анықталды.

"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы өңірде қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру