Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда қылмыстық жұп кір жуғыш машинаны ұрлаған

Қарағандыда кір жуғыш машинаны ұрлаған қылмыстық жұп ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қарашада 33 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь аудандық полиция бөліміне хабарласып, үйдің кіреберісіне уақытша қалдырған «LG» маркалы кір жуғыш машинасын белгісіз біреулердің ұрлап кеткендігі туралы шағымданды.

Тұрмыстық техниканың біраз уақыт қараусыз қалғанын пайдаланған белгісіз адамдардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушіге келтірілген шығын мөлшері 20 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасаған  күдіктілер ретінде 34 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел адам ұсталып, олар қылмысын мойындады. Кір жуғыш машина тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру