Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда сауда үйінің қоймасынан телефон ұрлаған әйел қолға түсті

Қарағандыда сауда үйінің қоймасынан телефон ұрлаған әйел қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Былтырғы жылдың 30 желтоқсанында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне қаладағы ірі сауда орындарының бірінің иесі хабарласып, қоймадағы заттарға жүргізген санақ барысында құны 210 мың теңге тұратын телефонның жетіспегені туралы арызданған.

Полиция қызметкерлерімен оқиға орынына жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында орнатылған бейнебақылау камераларынан осы іске белгісіз бір әйел адамның қатыстылығы анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 20 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 49 жастағы азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру