Қарағандыда саяжайдан металл ұрламақ болған екі ер адам ұсталды
Қарағандыда саяжайдан металл ұрламақ болған екі ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне саяжайдан белгісіз екі адам металл ұрламақ болғаны туралы ақпарат түсті.
Жергілікті полиция инспекторлары оқиға орнында жедел жетіп, куәгерлердің айтуымен ұрыларды іздеуге кірісті. Полиция қызметкерлері күдіктілерді 25 және 28 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар саяжайлардың бірінен металл бұйымдарын ұрламақ болғанын мойындады. Саяжайда адамдар көп болғандықтан, ойлары іске аспай қалған күдіктілер тез кетіп қалмақ болған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы (Ұрлыққа талпыну) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.