Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда саяжайларға ұрлыққа түскендер анықталды

Қарағандыда саяжайларға ұрлыққа түскендер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 ақпанда Қарағанды ​​қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны арызданған. Белгісіз біреулер саяжайдағы ұзартқыш сымдарды, мотопомпаны, сорғыны, кептіргішті ұрлап кеткені белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі 175 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті 28 және 31 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Күдіктілер қылмысын мойындап заттай айғақ алынды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталғандардың осыған ұқсас тағы төрт қылмысқа қатыстылығын анықтады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру