Қарағандыда шетелдікке шабуыл жасаған қарақшы ұсталды
Қарағандыда шетелдікке шабуыл жасаған қарақшы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 желтоқсан күні сағат 00.30 шамасында Қарағанды қаласының ПБ Жедел басқару орталығына Шахтерлер даңғылындағы көпқабатты үйде бір адамды тонап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Жәбірленуші Филиппин Республикасының 39 жастағы азаматы қаладағы оқу орындарының бірінде сабақ беретінін, жұмыстан кейін үйіне кеш қайтқанын түсіндірді. Жәбірленуші подъезге кірген кезде оған белгісіз біреу күтпеген жерден шабуыл жасап, денесіне зақым келтіріп, ақша мен құлаққапты алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 170 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ПД-нің криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 33 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ұсталған адам қылмысын мойындады. Айғақты заттар тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.