Қарағандыда сотталғандар Нельсон Манделаның туған күнін атап өтті
Нельсон Манделаның туған күнін мерекелеу қарсаңында Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 36 мекемесіне қоғамдық бақылау комиссияның төрағасы Б. Аманжолова және осы ұйымның мүшесі А. Пасынкова ,fhls, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оңтүстік Африканың ең танымал бостандық күрескері 1918 жылы 18 шілдеде дүниеге келген.
Бұл дата БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен 2010 жылдан бері бүкіл әлемде кеңінен аталып өтеді. Осылайша бүкіл саналы ғұмырын даму мен азаттық жолына арнаған күрескердің ерен еңбегін халықаралық қауымдастық мойындады.
Ол дүние жүзіндегі тұтқындардың мәселелерін шешуде де үлкен рөл атқарды. Нельсон Мандела ережелері – түрмеде отырғандардың негізгі адам құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауға арналған нұсқаулық.
Бұл күндері мекемеге барудағы мақсат – сотталғандарды ұстау жағдайларын білу және көру, сонымен қатар заңгерлік көмек көрсету.
Мекемеге бару барысында сотталғандарды жеке қабылдау жүргізілді, онда сотталғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
– Ең төменгі қауіпсіздік мекемесі Нельсон Мандела күнін тойлауға арналған мәдени іс-шараларды өткізеді. Бұл күндері сотталғандар Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдерімен кездесіп, колонияда құқық қорғаушы Н. Манделаның өмірбаяны мен өмірі туралы лекциялар, дөңгелек үстелдер мен викториналар өткізіледі, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ербол Шайкенов.