Қарағандыда телефон ұрылары қолға түсті
Қарағандыда телефон ұрылары қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 мамырда 46 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жүгініп, белгісіз біреу одан 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтты.
Анықталғандай, ұрлық жәбірленуші көлігін қоятын тұрақтардың бірінде болған. Ол көлікті қараусыз 10-15 минутқа қалдырған. Осы сәтті пайдаланған ұры, автокөліктің салонына кіріп, сол жерде қалған ұялы телефонды алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарағанды қаласы ПБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Айғақты заттар алынып, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бірнеше сағаттан кейін Оңтүстік-шығыс ПБ де дүкендердің бірінде тонау болғаны туралы хабарлама түсті. 34 жастағы жәбірленушінің түсіндірдуінше, ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған кезде, оған кенеттен біреу жақындап келіп, қолынан ұялы телефонды жұлып алып, қашып кеткен.
Жедел түрде іздеуге кіріскен полицейлер қылмыс жасады деген күдікпен 28 жастағы жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленушіге берілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.