Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда түнгі көңіл көтеру орындарындағы құқық бұзушылықтарға қатысты 300 әкімшілік хаттама толтырылды

Қарағандыда түнгі көңіл көтеру орындарында жасалған әртүрлі құқық бұзушылықтарға қатысты 300 әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасының қызметкерлері түнгі көңіл көтеретін орындардың әкімшілігімен үнемі профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады. Оған себеп күн сайын қалалық полиция басқармасы басшылығының атына қалада орналасқан түнгі көңіл көтеру орындарына қатысты арыз-шағымдардың түсуі. Арыз-шағымдардың басым бөлігі түнгі уақытта музыканы қатты қою және ара-тұра болатын кикілжіңдер екені белгілі.

– Жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес түнгі көңіл көтеретін орындардағы әртүрлі құқық бұзушылақтарға байланысты полиция жасағы 301 әкімшілік хаттама толтырған оның 34-і бойынша қылмыстық іс қозғалды,-деді Қарағанды қалалық полиция басқармасының бастығы Шахназар Салин.

Осыған орай, қалалық полиция басқармасының бастығы қаладағы түнгі көңіл көтеретін орындардың әкімшілігімен кездесу ұйымдастырды. Аталған көңіл көтеру орыны мекеменің және оған келушілердің қауіпсіздігі үшін 28 бейнебақылау камерасын орнатқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру