Қарағандыда түзеу мекемесінің қызметкерлері әріптестерін зейнетке шығарып салды
Қарағандыда түзеу мекемесінің қызметкерлері әріптестерін зейнетке шығарып салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ ҚАЖК “№ 33 мекемесі» РММ-нің бастығы Ерлан Апаханов пен жеке құрам қызметкерлері ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінде өз қызметін абыроймен атқарған Айдос Дүйсекеновті құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.
Мекемеде Қазақстан полициясы күні қарсаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, ардагерге алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды.
Әділет подполковнигі Айдос Дүйсекенов – тәжірибелі және кәсіби қызметкерлердің бірі. Өзінің қызмет жолын 2002 жылы бастаған. Кейінгі жылдары ҚАЖД бөлімшелерінде облыс бойынша еңбек етті, әртүрлі лауазымдарды атқарды, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі маман – инспекторы, жасақ бастығы, бөлім бастығы болды. 2020 жылдан 2024 жылға дейін басшылық қызметте жұмыс атқарды.
Салтанатты іс-шараның соңында Айдос Дүйсекенов мекеме басшылығына және барлық жеке құрамға құттықтаулары үшін алғыс айтып, өзінің еңбек тәжірибесінің жақсы сәттері туралы аздап айтып берді.
Айта кетейік, ҚАЖ саласының білікті маманы жұбайы екеуі екі бала тәрбиелеп отыр. Өмірлік серігі Гүлім Өмірсерікқызы да Қарағанды қаласы ПБ-да қызмет етеді.