Қарағандыда ұрлық жасаған күдікті “ізін суытпай” ұсталды
Қарағандыда ұрлық жасаған күдікті “ізін суытпай” ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қаңтар күні Майқұдықтан Қарағанды қаласы бағытындағы аялдаманың бірінде 59 жастағы тұрғынның сөмкесінен 35 мың теңге көлемінде ақшасы ұрланды. Күдікті қаражатты жасырын түрде қолды еткен.
Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында күдікті бірден анықталып, ұсталды. Ол 39 жастағы ер адам болып шықты.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр.
