Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ұры келіншек бір супермаркеттен бірнеше рет ұрлық жасаған

Қарағандыда бір супермаркеттен бірнеше рет ұрлық жасаған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қаңтарда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне супермаркеттердің бірінен белгісіз біреудің азық-түлік ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Ұры ірімшікті, қақталған шұжық пен шоколад пастасын алып кеткен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында орнатылған бейнекамералардың жазбаларын тексеру кезінде белгісіз әйелдің сөмкесіне өнімдерді жасырын салып жүргенін анықтады. Оның үстіне, бұл әйелдің осы супермаркеттен ірімшік, шұжық, тәттілер секілді азық-түлікті бірнеше күннен бері байқатпай ұрлап жүргені белгілі болды.

Полиция қызметкерлері аталған әйелдің осы супермаркеттен жасаған ұрлықтарының жеті фактісін анықтады. Келтірілген шығын шамамен 50 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері сол күні күдікті 38 жастағы әйелді ұстады. Ол кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабымен (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру