Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ұры оқу орнынан мыс сынықтарын ұрламақ болды

Қарағандыда ұры оқу орнынан мыс сынықтарын ұрламақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қазанда қала орталығында Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері сағат 02.30 шамасында Н.Әбдіров даңғылының бойымен келе жатып, полицияны көріп, қашып кетпек болған 30 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған ер адам оқу орнында орнатылған кондиционердің мыс кабелін ұрламақ болған, күтпеген жерден патрульдік полиция қызметкерлерінің пайда болуынан ұрының әрекеті іске аспады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің бір күн бұрын болған тағы бір ұрлыққа қатысы барын анықтады. Ол дүкендердің бірінің сыртқы қабырғасынан тоңазытқыш қондырғының мыс құбырларын ұрлаған. Ұрланған құбырлардың құны 5 мың теңге, бірақ қымбат құрал-жабдықтар істен шыққан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру