Қарағандыда ұры пәтерден теледидар ұрлап кетті
Қарағандыда ұры пәтерден теледидар ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қарашада Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ 58 жастағы тұрғыны жүгінген. Ер адам сыртқы есікті құлыптауды ұмытып кеткен, осыны пайдаланған ұры теледидарды жымқырған. Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты зат – теледидар алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.