Қарағандыда ұры темір пешті ұрлап, қабылдау орнына өткізіп жіберді
Қарағандыда ұры темір пешті ұрлап, қабылдау орнына өткізіп жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 мамыр күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 28 жасар қала тұрғыны арызбен шағымданып, белгісіз біреу оның үйінен құны 300 мың теңге тұратын темір пешін ұрлап әкеткені туралы айтқан.
Полиция қызметкерлері жәбірленуші азаматшаның бірнеше күн бұрын біреуге жер үйін жалға бергінін және жалға алу уақыты біткенде жалдап алушы осы үйден ұрлық жасағанын анықтады.
Қылмысты ашу бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ұрланған затты темір алатын жерге өткізгенін айтқан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.