Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда велосипед ұрлығы ашылды: полиция тұрғындарды қырағылыққа шақырады

Қарағанды қаласында тәртіп сақшылары велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция бөліміне 40 жастағы тұрғын велосипедінің ұрланғаны жөнінде шағымданды. Келтірілген материалдық шығын 55 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру шаралары нәтижесінде 29 жастағы Қарағанды тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктінің қолынан жәбірленушінің велосипеді тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде тағы екі велосипед табылды. Қосымша тексеру олардың 29 жастағы кәсіпкерге тиесілі екенін көрсетті. Бұған дейін кәсіпкер аталған велосипедтердің ұрланғаны жөнінде полицияға арыз берген. Велосипедтер көрсетілген кезде ол оларды ерекше белгілері арқылы таныды.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция азаматтарға келесі ескертпелерді назарға алуды сұрайды:

- Велосипедтерді қоғамдық орындар мен аулаларда қараусыз қалдырмаңыздар;

- Міндетті түрде бекіткіш құралдарды (құлып, трос) қолданыңыздар және арнайы велотұрақтарды пайдаланыңыздар;

- Велосипед ұрланған жағдайда бірден полицияға жүгініңіздер;

- Арзан бағамен ұсынылған велосипедтерді сатып алудан бас тартыңыздар, күмәнді тұлғалар туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыздар;

- Велосипед сатып аларда сатушының жеке құжаттарын тексеріп, оның меншік иесі екеніне көз жеткізіңіздер.

Полиция департаменті тұрғындарды мүліктік қауіпсіздікке мұқият болуға және ұрлықтың алдын алуға бағытталған ортақ жауапкершілікке үндейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру