Қарағандыда велосипед ұрысы ұсталды
Қарағанды облысында велосипед ұрлығымен айналысқан азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Шет аудандық полиция бөліміне бір күнде үш адам белгісіз біреудің велосипедтерін ұрлап әкеткендігі туралы арызданған.
Күдікті көпқабатты үйлердің дәліздерінің ашық тұрғанын пайдаланып, емін-еркін кіріп, бір күнде үш велосипедті алып кеткен.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 72 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы азаматты ұстады, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
Тергеу амалдары жалғасуда.